Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Байқоңырда бір топ адам жергілікті тұрғынға шабуыл жасады. Жәбірленушіге травматикалық тапаншадан оқ атылған. Атыс шығарды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Байқоңыр» кешені прокуратурасының мәліметінше, прокурорлар РФ Қылмыстық кодексінің 213-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды заңды деп таныды.
Осы жылдың 5 наурызында кешкі уақытта күдікті 5-ықшамаудандағы №6 және №12 үйлердің арасында басқа адамдармен топ болып әрекет ете отырып, бұрын таныс болған жергілікті тұрғынға шабуыл жасағаны анықталды. Осы әрекеттерді жасау барысында күдікті травматикалық қарудан оқ атқан, - деп хабарлады қадағалау органының өкілдері.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жуық арада сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарайтыны хабарланды. «Қылмыстық іс бойынша жасалған қылмысқа басқа қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Кешен прокуратурасындағы қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынған.