Тағы 1 жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген.
10 наурызда сағат 01:40 шамасында Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аtpress.kz-тің дерегінше, жол апаты салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы 1 жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.