Сағат 02-55-те 3 адам, оның ішінде 1 бала бар көлік эвакуацияланды.
Құтқарушылар «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында тұрып қалған көлікті эвакуациялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 10 наурыз сағат 19-50–де Алматы облысының Жамбыл ауданында жол жамылғысының нашарлығы салдарынан «Алматы-Бішкек» республикалық маңызы бар автожолында 30 шақырымдық кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Дала жолымен осы учаскені айналып өтуге тырысқан 5 көліктің жүргізушілері балшықта қалып қойды. Оқиға орнына ТЖД мен ЖАО 4 қызметкері мен техникасы шықты. Сондай-ақ, ПД және "Қазавтожол" қызметкерлері жұмыс істеді.
Сағат 02-55-те 3 адам, оның ішінде 1 бала бар көлік эвакуацияланды.