Үкім заңды күшіне енді.
Елордада криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.
Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн. теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.