Белгілері: бойы 150 см, дене бітімі арық, шашы қысқа, сары, көзі ашық.
Алматыда 14 жасар мектеп оқушысы жоғалып кетті. Жасөспірімді төрт күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылды.
Жоғалған 14 жастағы жасөспірім туралы ақпарат LIDER.KZ Instagram парақшасында жарияланды.
13 наурызда ол Алматының Жетісу ауданындағы үйінен шығып кеткен. Үстінде қара күрте мен шалбар, ақ-қара кроссовки болған. Белгілері: бойы 150 см, дене бітімі арық, шашы қысқа, сары, көзі ашық.
Осы факт бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі жедел іздестіру ісін қозғады. Іздестіру жұмыстарына аудандық бөлімшенің жедел бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, ювеналды полицияның қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды. Кәмелетке толмағанның болуы мүмкін жерлері тексеріліп жатыр. Бір болжам бойынша, жасөспірімді Алматы маңындағы базарлардың бірінен көрген, - делінген қалалық ПД хабарламасында.