$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Бір жолаушы дене жарақатын алды.

Фото: t.me/zakonkz
Фото: t.me/zakonkz

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға бүгін ірі сауда орталығының алдында болған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері жедел жеткен.

17 наурызда таңғы сағат 5:10-да Алматы қаласының Алмалы ауданында 1985 жылы туған жүргізуші Mitsubishi көлігімен келе жатып, Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев қиылысында, рульді басқара алмай, жол жиегіндегі ағашқа соқтығысқан, – делінген полиция хабарламасында.

Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, сондай-ақ жолаушы дене жарақатын алды.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары