$ 443.35  475.54  4.82

Астанада қойма өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Астанада қоймадағы өртті сөндіруге 70-ке жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық ТЖД мәліметінше, сағат 07:20-да өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында болған өрт орнына шыққан. Бөлімше қызметкерлері барған уақытта алдын ала болжам бойынша ауданы 1 мың шаршы метр алаңда отқа оранған бір қабатты қойманың жанып жатқаны анықталды.

Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске құрылды.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 70-ке жуық адам, 15 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары