$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда жоғалған жасөспірім табылды

Жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Алматыда полицейлер бірнеше тәулік бойы іздеуде болған жоғалған 14 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәмелетке толмаған бала Нұркент шағын ауданында, "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында табылды.

Айта кетейік, жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Жасөспірім 13 наурызда Алматының Жетісу ауданындағы үйінен шығып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары