22.03.2024, 12:30

Ертіс өзенінде мұз жарылып, 11 жастағы баланы ағыс алып кетті

Фото: ТЖМ

11 жастағы балалар су қоймасының жанында ойнап, мұз үстіне шыққан.

Ертіс өзенінде ШҚО ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, 11 жастағы балалар су қоймасының жанында ойнап, мұз үстіне шыққан. Нәтижесінде мұз бөлініп, жағадан 3 метрге жүзіп кеткен.

«Құтқарушылар Смағұлов Шыңғыс пен Тұрғанов Ринат хабарлама алып, дереу көмекке аттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құтқару арқаны арқылы жағаға аман-есен жеткізді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға және мұздағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.