$ 474.62  517.19  5.39

Ақмола облысында жүргізушінің кесірінен 3 адам қаза тапты

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

 

Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Ақмола облысында полицейлерден қашпақ болған жүргізушінің кесірінен 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Степногорск қаласында полицейлер патрульдеу кезінде қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасы кезінде «Тойота Ленд Крузер» маркалы автомашинасын байқады. Ол жол ережесін бұзып, полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, басқа автокөлікпен ЖКО жасады және оқиға орнынан қашып кеткен.

Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 59-бабына, 61-бабына сәйкес көлік құралын мәжбүрлеп тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды. Қасақана бағынбай отырып, жүргізуші қозғалысты ары қарай жалғастырды және екінші апаттың болуына жол берді. Салдарынан басқа көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес «Тойота Ланд Крузер» жүргізушісі мас күйінде болған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары