$ 495.2  522.34  4.94

«Өзін патшайыммын деп ойлайды-ау!?»: Жүргізуші қыздың ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Біраз уақыттан кейін оқиға жанжалға ұласады.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ақтауда көлік жүргізген қыздың ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды. Артынша әлгі видео әлеуметтік желіге тарады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Лада» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қыз өзін патшайыммын деп ойлайды-ау, - деп жазылған видео сипаттамасында.

Видеодан қызыл көліктің жол ортасында бұрылып, қос сызықты кесіп өтіп бара жатқанын көруге болады. Бұл аздай, ол басты жолақпен келе жатқан көлікке жол бергісі келмей, әрі қарай жүруге тырысады.

Біраз уақыттан кейін оқиға жанжалға ұласады: жол ережесін бұзған қыз видео авторын қуып жетіп, оны өткізіп жібермегенін айтып, шағымдана бастайды.

Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Қазірдің өзінде жәле қолданушылары видеоның астына түрлі пікір жазып тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары