Олар Қояндыға кіреберістегі жолды бөгеген. Тұрғындарға жергілікті биліктің өкілдері – облыс және аудан әкімі барған.
Бүгін кешқұрым Астанадан 20 шақырым жердегі Қоянды ауылының тұрғындары су тасқыны қаупіне байланысты жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды талап етіп, наразылыққа шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Олар Қояндыға кіреберістегі жолды бөгеген. Тұрғындарға жергілікті биліктің өкілдері – облыс және аудан әкімі барған. Полиция қызметкерлері де көрінеді.
Ауыл халқының наразылығына себеп – арықтың жоқтығынан көшелерге судың жайылуы. Тұрғындар мұның бәрі қардың күрелмегенінен туындағанын айтады. Олар жылдар бойы жергілікті билік наразылығын елемей, жылда қар күрелмейтініне шағымданып, соның салдарынан үйлерге су жайыла бастағанын айтты.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қояндылықтар Астана — Павлодар облысы тасжолын жабуға бекінген.