$ 475.03  517.21  5.44

Алматы облысында үш жасар қызды іздеу үшін көлдің суын ағызады

Жоғалған 3 жасар қызды ауадан тікұшақпен де іздеп жатыр, сондай-ақ 4 дрон қосылды. 

Фото: Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен қызды іздеу үшін көл суының деңгейі төмендетіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

Қызды полиция, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары және тіпті әскери қызметкерлер іздеп жатыр. Осы уақыт ішінде іздеу аумағы едәуір кеңейді. Оған қазір кенттің барлық іргелес аумағы мен көршілес ауылдық округтердің шаруа қожалықтары қосылды.

Жоғалған 3 жасар қызды ауадан тікұшақпен де іздеп жатыр, сондай-ақ 4 дрон қосылды. Іздеуге 25 ит пен 10 атты топ жұмылдырылды. Іздеу операциясына барлығы 300-ден астам адам қатысады.

"Қыз әлі де табылған жоқ. Еңбекшіқазақ ауданы ТЖМ Әскери құрылымы іздестіруді жалғастырып жатыр", - деді Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова.

Енді ауылдағы көлден бірнеше метр су ағызу жоспарланып отыр. Көл жоғалған қыздың үйінің жанында орналасқан. Бірақ бұл тағы бір аптаға созылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары