Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен қағып, өлгенше тепкілегенін хабарлағанбыз. Енді оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға «Самал-3» ықшам ауданы 25, «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінде болған. Күзетшіні ұрып өлтірген ер адам полицейлер келгеннен кейін қашып кетпек болған. Содан кейін 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Полицейлер оны дер кезінде ұстады.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полицейлер.