$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында көлік көпірден құлап, 23 жастағы жүргізуші көз жұмды

Ер адам рульді басқара алмай қалып, металл қоршауларға соқтығысқан.

Фото: Абай облысы ПД
Фото: Абай облысы ПД

Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан «Lada Kalina» маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен.

«Ер адам рульді басқара алмай қалып, металл қоршауларға соқтығысып, көпірден құлады. 23 жастағы жүргізуші сол жерде қаза болды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте полицейлер жүргізушілерден жол ережесін сақтауға, жолда барынша абай болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары