$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған 26 жастағы құтқарушыны пышақтаған

Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

БҚО Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 31 наурыз күні кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған. Кеуде тұсынан жарақаттанған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішіп, масаң күйде болған, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары