Бұл ота жүктілікті тоқтату мақсатында да жасалып жүрген.
Праганың Чехия қаласында "Буловка" университеттік ауруханасының дәрігерлері жүкті науқасқа қателесіп ота жасап, оның баласына аборт жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы CNN prima NEWS порталына сілтеме жасап.
Медициналық мекеме қызметкерлері екі азиялық әйелді шатастырып алған. Олардың бірі, жүкті науқас ауруханаға жоспарлы тексеруден өту үшін келген. Ал екіншісі жатыр ауруын емдеуде жасалатын отаны жасатуды көздеген. Бұл ота жүктілікті тоқтату мақсатында да жасалып жүрген.
Белгісіз себептермен дәрігерлер жүкті әйелді науқаспен шатастырып, оған операция жасаған. Осылайша әйел сау баласынан айырылды. Болған жағдайға қатысы аурухананың барлық қызметкерлері уақытша жұмыстан босатылды.
Чехияның денсаулық сақтау министрлігі қателікке жол берген барлық дәрігерлерді жауапқа тартуға шақырды. Егер олардың немқұрайлылығы дәлелденсе, аурухана зардап шеккен науқасқа өтемақы төлейді. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде.