03.04.2024, 00:30

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, екі бала мерт болды

Фото: СҚО ТЖД

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.