Флешмобқа Бишімбаевтың адвокаттарының Нүкенованы алкогольді ішімдікке құмар болды деп айыптап, кінәні өзіне артпақ болғаны түрткі болды.
Қазақстанда «НеМолчи» қоғамдық қоры марқұм Салтанат Нүкенованы қолдау мақсатында әлеуметтік желіде флешмоб бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы флешмобты қолдау үшін қазақстандық әйелдер өз суреттерін желіге жариялады.
«Мені бір бокал шараппен көрсеңіз, өлтіруге болады деген сөз емес», - деп әйелдер фотоларының астына жазған.
Флешмобқа Бишімбаевтың адвокаттарының Нүкенованы алкогольді ішімдікке құмар болды деп айыптап, кінәні өзіне артпақ болғаны түрткі болды.
Қазақстандықтардың әлеуметтік желілері #Салтанатүшін (заСалтанат) және #БарлықҚазақстан (весьКазахстан) тегтері бар флешмобқа толды. Бұл әрекетке бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы өлтіруі себеп болды.
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап беруді жалғастырып жатыр. Бұған дейін сотталушы қайғылы жағдай орын алған күннің қалай басталғанын айтып берген.