$ 494.87  520.65  4.91

Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алмақ болған

Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округ әкімдігі электр энергиясының 1 кВт 580 теңгеден сатып алуды жоспарлаған.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Түркістан облысының еріктілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы басталғалы бері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингілеу барысында 578,7 млн теңгенің негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысалы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нарықтық құны 15 мың теңге болатын бір тонна көмірді 250 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған.Волонтердің бастамашылығынан кейін сатып алу жоспары қайта қаралып,  30,2 млн теңге үнемделді.

Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округ әкімдігі электр энергиясының 1 кВт 580 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Еріктілердің әрекет етуінің арқасында бюджеттің 26,1 млн теңгесі үнемделді.

«Созақ ауданының білім бөлімі 1750 кг. сәбіздің бір килограмын 16,7 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен енгізілген ұсынымдардың нәтижесімен 29,0 млн теңге үнемделді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, өңір тұрғындарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылуға және бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін бірге бақылауға шақырамыз», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұсынған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары