Жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кеткен.
Апат кеше Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тасжолда Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан.
Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты.
“Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, салдарынан көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды”, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.