Ауыл тұрғындарының айтуынша, анасы балаларын тұншықтырып өлтірген сыңайлы.
Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жантүршігерлік қылмыс Бұқар жырау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірінде болған. Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі 2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық белгілерімен табылғанын мәлімдеді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, анасы балаларын тұншықтырып өлтірген сыңайлы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.