$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Анықталғандай сол кезде бала ересектердің қарауынсыз, жалғыз қалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттың терезесінен үш жасар бала құлап кетті. Анықталғандай сол кезде бала ересектердің қарауынсыз, жалғыз қалған. Қазіргі уақытта  ауруханаға жатқызылып, жағдайы орташа деп бағаланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биылғы жылы балалардың терезеден құлауының алғашқы оқиғасы Теміртауда орын алған болатын.

«2024 жылы 4 сәуірде Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 9 қабатты тұрғын үйде бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен 2021 жылы туған бала құлады. Ауруханаға жатқызылды, қазір жағдайы орташа», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары