Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде орналасқан.
Бүгін сағат 13:46-да Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 7 сәуірде Алматы уақытымен сағат 13:46-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5
MPV магнитудасы 5.3
Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09° Тереңдігі 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді, - делінген хабараламада.