07.04.2024, 16:30

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Фото: kaztag.kz

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде орналасқан.

Бүгін сағат 13:46-да Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 7 сәуірде  Алматы уақытымен сағат 13:46-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5

MPV магнитудасы 5.3

Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09°  Тереңдігі 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша)  Алматыда 2 балл сезілді, - делінген хабараламада.