$ 444.14  477.05  4.85

Семейде бір үйдің екі баласы жоғалып кетті

Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кетті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындарынан оларды іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы -  ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

 

Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз, деп жазады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары