Ұсталған кезде Бишімбаев кінәлі екенін айтқан.
Бишімбаев ұсталған сәтте өзін қалай ұстағаны белгілі болды. Кадрда бұлыңғыр болса да Бишімбаевтың сұрақтарға жылап жауап беріп тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұсталған кезде Бишімбаев кінәлі екенін айтқан "Мен кінәлімін, білемін... аяқ киімді беріңіз, өтінемін, мен жалаңаяқ тұрмын..." дейді Бишімбаев. Полиция қызметкері "шұлық та, аяқ киім де, бәрі болады" деп жауап береді.
Видеода ВAU мейрамхананың ішін көрсетіледі. Бейнежазбадан Бишімбаевтың жылап, Салтанатпен таңертеңге дейін ұрысқаны туралы айтқаны естіледі. Одан мейрамхана кімдікі екені, қайда тұратыны нақтыланады. Оған Бишімбаев мұнда тұрмайтынын айтады. "Жұбайы Салтанатпен заңды неке ме" деген сұраққа, "мұсылмандық неке" деп жауап береді.
"Біз таңға дейін ұрыстық, білмеймін, мен оны ұрдым, бұл рас, ол бір сағат бұрын ұйықтады... Ол мас болды. Мен оны үйге апарғым келді", - дейді сотталушы.