$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы аяқ астынан көз жұмды

Бексұлтан есімді 8 сынып оқушысы 11 сәуір күні сағат 22.00 шамасында есінен танып құлаған.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Ақтөбе облысында мектеп-интернаттың оқушысы аяқ астынан көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бексұлтан есімді 8 сынып оқушысы 11 сәуір күні сағат 22.00 шамасында есінен танып құлаған. Ол ауруханаға барар жолда, жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды.

Бексұлтан Ақтөбе облысы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп интернатында оқыған. Қазір баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

Полиция департаменті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, спорт мектебі қызметкерлері жұмысына салғырт қарау фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары