$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды

Бүгін табылған мүрденің жеке басы анықталмаған.

Фото: zhaikpress.kz
Фото: zhaikpress.kz

Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін табылған мүрденің жеке басы анықталмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Сол кезде сүңгуірлер 2008 жылғы жасөспірімді бір айдан астам уақыт іздеп, таба алмаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары