$ 494.87  520.65  4.91

«Айғайлама, біреуге айтатын болсаң, өлтіремін деді»: 8 жасында көршісі зорлаған әйелдің оқиғасы

Мен кішкентай кезімде зорландым, мені зорлаган адам ол көрші ….сол сәтті ұмыта алар емеспін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бала күнінде зорлыққа ұшыраған әйелдерге көмек берумен айнаылсатын Ляззат Ракишеваға Қазақстанның түкпір-түкпірінен хаттар келіп жатады. Бұл хатта 8 жасында көршісі зорлаған әйелдің оқиғасы жазылған.

"Мен кішкентай кезімде зорландым, мені зорлаган адам ол көрші ….сол сәтті ұмыта алар емеспін.

Мен 8 жасымда дүкенге барайын деп жаттым. Анама "мен кеттім" дегенде, анам маған "мынау көрші мас, байқашы" деді. Ол адам күнде ішетін, әйелқұмар болатын, бұған дейін тіпті үйін өртеп жібере жаздаған. Үйіне айғайлап әйелдерді кіргізетін. Аналарымнан оның бір қызды зорлағанын естіген едім, полиция қызметкерлері келіп у-шу болған.

Бір күні әкем маған ақша берді, күн ыстықта, түсте дүкеннен заттар алғым келіп, "мама, мен кеттім" дегенде" мынау мас, байқашы. Мен сәлден кейін банкоматтан ақша салуға барғанда, керегіңді өзім әкеліп беремін" дегенде, мен қарсыласып, "жоқ, өзім барамын" дегенмін, қазір қатты өкінемін.

Сөйтіп кіреберісте суретке түсіп тұрғанмын, бір уақытта көрші ер адам сыртқа шықты. Мен амандастым, ол "қайда шықтың?" деп сұрады, менің ойымда арам ой жоқ, "дүкенге барамын" дедім, ол "бірге барайық" деп ұсынды. Мен бас тартқан едім, "тәтті заттар алып беремін" деді. Кейін екінші қабатқа түстік, күн ыстық, кіреберісте ешкім жоқ, бір уақытта қолымнан ұстап, "бір ойын ойнайықшы" деді, бірақ өзі құлайын деп аяғында әрең тұр. Мен "жоқ, анам ұрысады, кетуім керек" дедім, ал ол қолымнан қатты ұстап алып, трикосын шешті де жыныс мүшесін ұстатып, ауыма тақады, ал мен жылап жібердім. Жасы шамамен 35-40 болуы керек. "Айғайлама, біреуге айтатын болсаң, өлтіремін" деді, ал менің құсқым келді. Аузымды қолымен жапты, мен жылап тұрдым, ол үйіне сүйреп алып кіріп, білгенін істеді. Үйінен кетер кезімде маған 500 теңге ұсынды, мен " керек емес" деп алмай кеттім. Үйге барып едім, анам "жылағансың ба?" деп сұрады, мен не айтарымды білмей "тиынымды жоғалтып алдым" деп жауап бердім. Анам "енді соған жылайсың ба?" деді де қойды, сосын бөлмеме барып қатты жыладым. Кейін анам қоңырау шалып, "есікті кілттеп ал, біршамадан кейін барамын" деді, мен одан қатты жыладым, бірақ ешкімге айта алмадым. Бір жылдан кейін ол адам қайтыс болды деп естігенмін, ол кісі нашарқор болатын", - деп жазылған хатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары