Бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ұсталды.
Алматыда әйелін соққыға жыққан Александр Ким есімді азамат сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін ұсталды.
"Бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ұсталды. Ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, айыппұл арқалады", – делінген хабарламада.