Бұл оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғалды: қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату және зорлау.
Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлаған депутаттың күйеуіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айыпталушы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың 55 жастағы күйеуі. Ол 12 жасар оқушы қызды зорлады деп айыпталды. Жүкті боп қалған мек теп оқушысын ұстаздары ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға апарған.
Бұл оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғалды: қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату және зорлау. Сотталушының өзі кінәсін мойындамаған.
Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына үш миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді, – делінген Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.