$ 494.87  520.65  4.91

Сотта Байжанов телефон соққан дәрігер жауап берді

Байжановтың сөзінше, ол дәрігерден «мас адамның ұзақ ұйықтауы қалыпты ма?» деп сұраған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр. Сотқа куәгер ретінде оқиға күні Бақытжан Байжанов хабарласқан дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаев шықырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Бақытжан Байжанов Нүкенова қаза тапқан күні дәрігерге қоңырау шалғанын айтқан болатын.

Байжановтың сөзінше, ол дәрігерден «мас адамның ұзақ ұйықтауы қалыпты ма?» деп сұраған.

Куәгердің айтуынша, ол өзінің нарколог емес екенін, және алкогольден мас болу қауіпті екенін ескертіп, жедел-жәрден шақыруға кеңес берген.

Байжановтың адвокаты одан «Байжановқа мүсәтір спиртін ал деген сіз бе?», деп сұрады. Куәгер оны жоққа шығарды. 

Бишімбаев оған дәрігердің өзіне тікелей емес, Байжанов арқылы айтқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары