$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК діни-экстремистік ұйымның басшыларын ұстады

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе отырып, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымды құрып, қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетсек, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары