$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында әжесі немересін өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция тергеу құпиясын алға тартып, басқа ақпарат берген жоқ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысында әйел екі жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді. Бүлдіршіннің денесі есік алдындағы бақшадан табылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Қазір қажетті тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Полиция тергеу құпиясын алға тартып, басқа ақпарат берген жоқ.

CMN.kz порталының мәліметінше, 2018 жылы туылған бала 2020 жылы көз жұмған. 65 жастағы әжесі немересін үйдің алдындағы бақшаға жерлеп тастаған. Баланың жерленген қалдықтарын полиция қызметкерлері тапты. Баланың осыған дейін диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.

Баланың ата-анасы туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары