20.04.2024, 00:30

Желіде Астанада өртеніп кете жаздаған ер адамның видеосы тарады

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Видео сипаттамасында оқиғаның Сығанақ көшесінде болғаны жазылған.

Әлеуметтік желіде Астана көшелерінің бірінде өртеніп кете жаздаған ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлердің хабарлауынша, ер адам ауруханаға жатқызылған. 

Оқиға болған жерден түсірілген Astanovka98 Telegram-дағы арнасында пайда болды. Кадрлардан көшеде болған қызыл жалынды байқауға болады, сондай-ақ оқиға орнында адамдар мен полиция қызметкерлері жүр.

Полицейлердің бірі өртті сөндіріп жатқаны да көрсетілген. Видео сипаттамасында оқиғаның Сығанақ көшесінде болғаны жазылған.

Астана полиция департаменті мәліметінше, оқиға орнына полицияның арнайы жасағы жетіп, өртті сөндірді.

«Азамат медициналық мекемеге жатқызылды», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.