Өрттің себебі анықталып жатыр.
Қостанай қаласында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 13:31-де басталған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен қажетті техника жұмылдырылған.
Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 14:31-де оқшауланды.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы – 1500 шаршы метр.