Үйге кіргізгеннен кейін «арқама массаж жасап берші» деп жердегі төсекке тартып массаж жасатқан.
Алматыда 10 жастағы ұл баланы зорламақ болған күдікті ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, жағдай 20 сәуір, кешкі сағат 20:00 шамасында Наурызбай ауданы Алтын Орда 6/37 мекенжайында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Іш киіміне қол салған»: Алматыда 45 жастағы ер адам 10 жасар баланы азғындады деген күдікке ілінді
Анасының айтуынша, 10 жасар ұлы аулада достарымен отырған. Жандарына бір кісі келіп сөзге тарта бастаған. Бейтаныс адам қоқыс шығарысып жіберуге шақырыпты.
«Маған үйден қоқыс шығаруға көмектесші», - деп баламды пәтерге дейін ертіп апарған. Үйге кіргізгеннен кейін «арқама массаж жасап берші» деп жердегі төсекке тартып массаж жасатқан. Сол кезде қолынан тартып, төсекке жатқызып іш киіміне қолын салып алған. Балам сол кезде бәрін түсініп қашып шыққан», - деп жазды анасы.
Мұның барлығы тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан көмекке барған баланың сыртқа қарай қашып шыққанын көруге болады.