$ 474.83  518.99  5.4

Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Жол апаты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1 099 шақырымында болған.

Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  716.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол апаты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1 099 шақырымында болған.

"28 сәуір күні сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz Е200 маркалы автокөлік пен Жақсы ауылынан Астана қаласы бағытында келе жатқан ВАЗ - 2107 маркалы автокөлік соқтығысты", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Апат салдарынан оқиға орнында 5 адам қаза тауып, 2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты