$ 498.34  519.72  4.85

СҚО-да бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол жұмсады

Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды.

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында әпкесі мен інісі суицид жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы келіншек қораға барып асылып қалған. Мұны көрген оның 17 жастағы інісі орманға кетіп, ол да өзіне қол салған.

«Айыртау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Суицид #СҚО