Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылды.
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 1 мамыр күні таңғы сағат 05:18-де Әуезов ауданында орналасқан төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.
«Әуезов ауданы №7 ықшам ауданы мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шықартумен жіберілген ТЖД күштері мен құралдары пәтердің 30 шаршы метр жерін шарпыған өртті 05-45-те оқшаулап, 05-52-де толық сөндірді. Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылды», - деп хабарлады департаменттен.
Өрт орнынан 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ 34 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 48 маманы мен 12 техникасы тартылды.