$ 494.87  520.65  4.91

«Азаптап өлтірген»: 2 жасар баланың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Енді «азаптау» бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Асырап алған баланы азаптап өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды Ақмола облысының Щучье қаласында асырап алған екі жасар баланы азаптап өлтірді деген күдікпен енді 29 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

 Бурабай ауданы білім бөлімінің қорғаншы органына қатысты да тергеу басталды.

Шучье қаласында екі жастағы асыранды баланың денесі ауладан табылған. Оны бағып алған отбасы төрт жыл бұрын үйінің алдына көміп тастапты. Бірақ оны осы уақытқа дейін оны ешкім білмеген. Бұл қылмыс аяқ асты әшкере болды.

Бес баланы асырап алған отбасындағы бір балақай ауруханаға түседі. Сол кезде қамқоршысы шатасып өлген баланың туу туралы куәлігін көрсеткен. Осыдан кейін тексеріс басталып, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмғаны анықталды.

Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 60 жастағы әжелері қамауға алынған. Енді «азаптау» бабы бойынша 29 жастағы балалардың қамқоршысы тұтқындалды.

Төрт жыл бойы асырандылардың өлі-тірісін білмеген тиісті мекемеге де қатысты тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары