$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде әжесінің атынан несие алған жігіт сотталды

Қарт әйел соттан немересін қатаң жазаламауды сұрады. Алайда жігіт түрмеден құтыла алмады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбеде 18 жасар немересі әжесін алдағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Немересі әжесінің сенімін пайдаланып, смартфонынан 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейін онлайн-несие рәсімдеген. Осылайша, әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған. Зейнеткер бұл жайында банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана хабардар болған.

Қарт әйел қазір несиесін өтеп жатыр. Ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұрады.

Алайда жігіт түрмеден құтыла алмады. Оның бұған дейін де соттылығы мен шартты мерзімі бар екені белгілі болды. Бұрын тонау және ұрлық үшін ювеналды сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, бірақ мерзім шартты түрде ауыстырылған еді.

Сот бұл деректі алаяқтық үшін жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары