$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда кеңсе пышағымен қызының тамағын орған жігіттің ісін алаяқтыққа ауыстырмақ

Жәбірленуші жұмыс орнындағы әйелдердің араласуымен ғана тірі қалған.

Фото: Дина Таңсәрі телеграм каналынан
Фото: Дина Таңсәрі телеграм каналынан

Талдықорған прокуратурасында бұрынғы жігіті өлімші етіп ұрып, тамағын орып жіберген Адина есімді қыздың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Адина бұрын да бірнеше рет қол көтеріп, күш қолданғандықтан жігітінен кетіп қалған еді. Бірақ ол Адинаны жұмыс орнына іздеп келіп, ұрып-соғып, кеңсе пышағымен тамағынан орып, кескен. Жәбірленуші жұмыс орнындағы әйелдердің араласуымен ғана тірі қалған.

Ол аздай реанимациядан енді ғана палатаға шыққан Адинаны полиция қызметкерлері тергеуге алып кеткен. Сөйтіп бастапқыда істі алаяқтық бабымен қараған. Кейін қоғамда шу шыққан соң ғана адам өлтіруге оқталу бабына ауыстырған.

Бірақ өкінішке орай сот барысында айыпталушы тарап бұл оқиғаның орын алуына Адинаның өзін кінәлі етіп көрсетуге тырысып бағуда. Қазір айыпталушының адвокаттары істі қайтадан алаяқтық бабына ауыстыруға өтініш берген.

Егер өтініш қабылданса, қауіпті қылмыскер жазадан сытылып кетпек. Ақпарат «Немолчи.кз» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдаумен айналысатын фондтың телеграм каналында жарияланды.

Жүрегі әлсіздер мен өте сезімтал адамдарға видеоны қарамауға кеңес береміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 16

Серіктес жаңалықтары