$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында сәбидің денесі табылды

Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары