Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.
Қызылорда қаласында балконнан екі бала құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға кеше, 12 мамырда облыс орталығында болған. Сағат 21.37-де көп қабатты үйдің үшінші қабатындағы балконнан үй иесінің 2017 жылғы қызы мен 2018 жылғы туысы құлап кеткен. Олар әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ еске салады:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.