$ 494.87  520.65  4.91

«Әріптестері біле тұра көмекке келмеді» : Карина Мамаш күйеуінен қалай қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)

Карина Мамаштың айтуынша, жолдасы өзінен біраз жасқа үлкен адам болған. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш «Nukte» арнасының негізін қалаушы, журналист Ғалия Идоятоваға сұхбат беріп, күйеуінің тарапынан қандай қорлық көргенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең қорқыныштысы не екенін білесіз бе? Әріптестері біле тұра көмекке келмеді. Біз консулды күтіп тұрғанда мен өзімді нашар сезіндім. Маған медициналық көмек қажет болды. Бірақ олар мені ауруханаға алып бармады. Өйткені ол жақта бірден полиция шақырып, жағдайды тіркеуге алар еді. Егер сол жерде маған бірдеңе болғанда бәрін қайғылы жағдай деп тыныш қана бетін жылы жауып қоя салар еді. Өздігімен болған жағдай деп көрсетер еді , - деді Карина Мамаш.

Карина Мамаштың айтуынша, жолдасы өзінен біраз жасқа үлкен адам болған. Сондықтан ол оның өзіне қамқор болатынына, болашақ балаларына жақсы әке болатынына сенген.  

«...кеше полиция участогында да маған «күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба» деген сұрақ қойды. Бірақ, мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Менің әкем тоғыз жасымда қайтыс болған. Мен спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім.Тек екі айдан кейін барып әкем жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын», - дейді Карина Мамаш.

Өзінен жасы үлкен ер адам оған алғашқы неке түнінен бастап-ақ қаталдық танытыпты. Жалпы, Карина Мамаштың айтуынша, көп жағдайда ер азаматы ішімдік ішіп, сабаған. Карина Мамаштың зорлық-зомбылық туралы мәлімдемесінен кейін бұл іс резонанс тудырып, Сыртқы істер министрлігі дипломатты елге қайтарған. Қазір Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары