Оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қасбет баланың басына құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан есіктен сыртқа шыға бергенде баланың басына үй қасбеті құлағанын көруге болады. Бала дереу ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала түскен. Ол басының самай бөлігінде жарақаттар алғанын айтып шағымданған.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ем-шара жасалған.