$ 481.84  531.33  5.07

Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды

Марқұм үйіндегі өз бөлмесінде табылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкенттегі №9 мектептің 11-сынып оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 12-мамыр күні болған. Марқұм үйіндегі өз бөлмесінде табылған.

Өкінішке орай оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше шәкірттің үлгерімі жақсы әрі белсенді болған. Және ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағанын айтады. Қазір бұл іске қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары