$ 481.84  531.33  5.07

Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген ер адам табылды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Фото: @POLICE_of_KZ
Фото: @POLICE_of_KZ

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары